Center Image
IHSAN.KZ
1000 пәтуа аудармасы жарыққа шықты
1000 пәтуа аудармасы жарыққа шықты

БҰҰ ең беделді ұйым ретінде таныған Мысыр пәтуа басқармасы «Дар-у-л ифта» халық назарына толыққанды мәліметтерге қанықтырып ағылшын және француз тілдерінде 1 мың пәтуа басып шығарды, деп хабарлады басқарманың Әлеуметтік бөлімінің басшысы Ахмет Рағаб.

«Біз бүгінде экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы тұратын негізгі деген 1 мың пәтуаны осы екі тілге аударып шығарып отырмыз. Бұл жұмыс өз кезегінде араб тілін білмейтін шетелдік мұсылмандарға арналады» деді бөлім басшысы.

Мысыр пәтуа басқармасы «Дар-у-л ифта» 1895 жылы құрылған және бүкіләлемдік исламды зерттеу орталығы болып табылады.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz