Бiр кiсiден:
- Бiр сағаттық өмiрiң қалды десе, не iстер едiң? - деп сұраған екен, ол:
- Бiр сағат бойы тек қана намаз оқыр ем. Аллаһтан жарылқау сұрар ем, - деп жауап берiптi. Осы сұрақты екiншi кiсiге қойғанда, ол:
- Бар малымды кембағалдарға таратып сауап жинап қалар едiм, - дептi. Ал үшiншi адам:
- Мен алғашқы жарты сағатымды бiлiм жинауға жұмсар ем де, қалған жарты сағатымда сол бiлiмдi басқаларға үйретер едiм, - дептi.
Осы үшеуiнiң әрекетiнiң iшiнде ең қайырлысы, Аллаһ Тағалаға ұнамдысы - соңғы кiсiнiкi екен. Сондықтан, бiлiм үйренiп, оны елге тарату - әр мұсылманның парызы болып табылады.
Бiрақ мұндағы бiлiм деп отырғанымыз - пайдалы, пайдасыз ақпараттар жиынтығы емес, Аллаһты тану, тақуалықты арттыру жолындағы iзденiс.
Ақырет күнiнде ислами көзқарастан ада, Аллаһты танудан алыс жатқан «ғалымға» бүкiл ғұмырын сарп етiп жиған iлiмi еш пана бола алмайды.