– 2006 жылдың 27 қаңтары Қарағандыда ҚАЖЫЛАР ОДАҒЫ құрылды. Орталық мешітте өткен жиналыс барысында бірігу туралы шешім қабылданды. Негізгі мақсаттары - шариғатты имамдарға түсіндіруде көмек көрсету.
– Дәл бүгін осыдан 5 жыл бұрын «Қазпошта» АҚ «Ескерткіш, мерейтойлық даталар және мерекелер» сериясында көрнекті мемлекет және партия қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВТЫҢ 100 жылдығына арналған көркемсуретті пошта маркаларын айналымға шығарды.
– 2010 жылы Мәскеуде даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ 100 жылдық мерейтойына орайластырылған «Аңыз батыр» атты жинағы жарық көрді.
– Дәл бүгін 7 жыл бұрын (2010) Алматыда «Қазақстандағы қайырымдылық» - blagovkz.org. атты ұлттық ақпараттық порталдың таныстырылымы болған күн. Жобаның мақсаты - еліміздегі азаматтарды қайырымдылық қызметке тарту.
– Былтыр қаңтардың 27-і күні (2016ж) ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ресейдің Омбы қаласында өткен «Ислам және дінаралық келісім» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, Орталық Азия мұсылмандарының ортақ құндылықтарын айқындайтын, біртұтас үмметтің бағдаршамы болатын арнайы тарихи құжаттың жобасын әзірлеуді ұсынды.
Бүгін Қарағандыда Қажылар одағы құрылған күн
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы