Дүниежүзілік жастар күніне орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде «Жастар – руханият шамшырағы» тақырыбында рухани насихат айтылды.
Мешіт дастарханы басында өткен басқосуда мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы жастардың қоғамдағы орны, рухани тәрбиенің маңызы және имандылық құндылықтары жөнінде тағылымды насихат жүргізді.
Насихат барысында жас ұрпақты білімге ұмтылуға, уақытты тиімді пайдалануға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сондай-ақ ұлттық және діни құндылықтарды берік ұстануға шақырды.
Сонымен қатар, жастардың бойында жауапкершілік, адалдық, адамгершілік және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.
Рухани басқосу жастарға өнегелі тәрбие беруге, олардың діни сауаттылығын арттыруға және ізгілікке баулуға бағытталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы