Center Image
IHSAN.KZ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫНА АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ
«ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР ЖАМАҒАТЫНА АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде әйел-қыздар жамағатына «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу» тақырыбында насихат дәрісі өтті.

Дәрісті мешіт ұстазы Арай Серғалиқызы жүргізіп, ас беру рәсімдерін шариғат талаптары мен ұлттық дәстүрлерге сай ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды.

Насихат барысында құдайы ас кезінде орынсыз шығынға жол бермеу, дастарханды шамадан тыс молайтпау, қарапайымдылық пен қанағатшылдықты ұстану, сондай-ақ қаралы отбасына артық қаржылық салмақ түсірмеу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар ұстаз ас берудің негізгі мақсаты – марқұмға дұға бағыштау, Құран оқу, сауапты амалдар жасау және ағайын-туыс арасындағы бірлікті нығайту екенін атап өтті.

Дәріс соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, дін мен дәстүр сабақтастығын сақтауға қатысты пайдалы кеңестер берілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz