Center Image
IHSAN.KZ
ДОСКЕЙ АУЫЛДЫҚ МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАДЫ
ДОСКЕЙ АУЫЛДЫҚ МЕШІТІНІҢ ЖАМАҒАТЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАДЫ

Бұқар Жырау ауданына қарасты Доскей ауылдық мешітінің жамағаты салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында футбол алаңында бас қосты.

Спорттық басқосу барысында жамағат өкілдері футбол ойнап, өзара достық пен бауырмалдықты нығайтты.

Игі шараның басты мақсаты – жамағат арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықты арттыру және бірлік пен ынтымақты дәріптеу.

Осындай спорттық кездесулер жамағат арасындағы өзара сыйластықты арттырып, рухани әрі физикалық тұрғыдан дамуға оң ықпал етеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz