Center Image
IHSAN.KZ
БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ҰМРА САПАРЫНА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
БАЛҚАШ ҚАЛАЛЫҚ МЕШІТІНДЕ МЕШІТ ЖАМАҒАТЫНА ҰМРА САПАРЫНА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ

Балқаш қалалық мешітінде қасиетті жұма күні ерекше қуанышты оқиға орын алды. Мешіттің тұрақты жамағаты, бес уақыт намазын үзбей мешітте оқып жүрген Сейіт ақсақалға Ұмра қажылығына жолдама сыйға тартылды.

Игі шара барысында Балқаш қалалық мешітінің имамы Нұрболат Сейлханұлы Қалдарбеков ақсақалға тосын сый жасап, қасиетті мекенге сапар шегуге арналған жолдаманы салтанатты түрде табыстады.

Мешіт имамы Сейіт ақсақалдың құлшылыққа деген ықыласы мен мешітке деген жанашырлығын атап өтіп, алдағы сапарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ қасиетті сапарының қабыл болып, аман-есен елге оралуына тілектестік білдірді.

Бұл игі бастама – үлкенге құрмет көрсетудің, ізгілік пен бауырмалдықты дәріптеудің жарқын үлгісі.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz