Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әбілхайыр Кәсенұлы Шахан кентіндегі «Сәлкен молла» мешітінің ұжымымен және жамағатымен кездесті.
Жүздесу барысында мешіттің тыныс-тіршілігі мен күнделікті қызметіне қатысты мәселелер талқыланды. Қатысушылар мешіт жұмысын жандандыруға байланысты ұсыныстарын білдіріп, өзара пікір алмасты.
Кездесуге «Нұр» мешітінің діни қызметкерлері мен ақсақалдары, сондай-ақ «Сәлкен молла» мешітінің діни қызметкерлері мен жамағаты қатысты.
Басқосу жергілікті мешіттің жұмысымен танысып, жамағаттың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы