Center Image
IHSAN.KZ
«МУБАРАК» МЕЙРАМХАНАСЫНДА «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
«МУБАРАК» МЕЙРАМХАНАСЫНДА «АС БЕРУ МӘДЕНИЕТІ» ҚҰЖАТЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің наиб имамы Ысқақ Рахимбекұлы «Мубарак» мейрамханасының әкімшілігімен кездесіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан әзірленген «Ас беру мәдениеті» құжатын таныстырды.

Кездесу барысында ас беру рәсімдерін шариғат талаптары мен ұлттық дәстүрлерге сай ұйымдастыру, ысырапшылдықтың алдын алу, ас мәзірін реттеу және қаралы отбасына артық қаржылық салмақ түсірмеу мәселелері түсіндірілді.

Сондай-ақ наиб имам ас беру мәдениетін қалыптастыруда мейрамхана әкімшілігінің жауапкершілігіне тоқталып, қарапайымдылық пен қанағатшылдық қағидаларын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамда ас беру мәдениетін қалыптастыру, дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту және ысырапшылдықтың алдын алу.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz