Қарағанды қалалық Әл-Ғаффар мешітінде қала мешіттері арасында «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы негізінде сира пәнінен білім сайысы ұйымдастырылды.
Сайысқа Қарағанды қаласындағы бірқатар мешіттердің шәкірттері қатысып, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өмір жолы мен өнегелі ғұмырына қатысты білімдерін ортаға салды.
Білім додасы барысында қатысушылар кітап мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзара білімдерін сынады.
Шараның мақсаты – сира ілімін кеңінен насихаттау, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өмірін тереңірек таныту және діни білімге деген қызығушылықты арттыру.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы