Center Image
IHSAN.KZ
«ҒЫЙЗАТ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
«ҒЫЙЗАТ ҚАЖЫ» МЕШІТІНДЕ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Байқадам ауылындағы «Ғыйзат қажы» мешітінде алдағы қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүргізілді.

Қыс мезгілінде мешіттің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында қажетті ұйымдастыру шаралары жүргізілді.

Атап айтқанда, мешітті жылытуға қажетті отын мен көмір жеткілікті мөлшерде әзірленіп, қысқы маусымға дайындық қамтамасыз етілді.

Мешіттің қыс мезгілінде жылы әрі жайлы болуы – құлшылыққа келген жамағат үшін қолайлы жағдай жасаудың маңызды бөлігі.

Аталған жұмыстар мешіттің қыс бойы қалыпты қызмет атқаруына және жамағаттың құлшылықтарын жайлы ортада орындауына бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz