Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде «Құранмен нұрланған жүректер» атты рухани тәж кию кеші ұйымдастырылды.
Аталған шараны мешіт ұстазы Рахымбаева Айгерім Болатбекқызы ұйымдастырып, Құран әліппесін меңгеріп, қасиетті Құранды оқуға қадам басқан шәкірттердің қуанышына ортақтасты.
Рухани кеш барысында Құран оқуды үйренген шәкірттерге құрмет көрсетіліп, бастарына тәж кигізілді. Бұл тағылымды рәсім шәкірттердің білім жолындағы алғашқы жетістігін дәріптеп, олардың қасиетті Құранға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Сонымен қатар шәкірттерге Құран оқудың сауабы, оны үйрену мен үйретудің артықшылығы, алған білімді өмірде амалға асырудың маңыздылығы жөнінде насихат айтылды.
Шараның басты мақсаты – шәкірттердің діни білімге деген ынтасын арттыру, Құранға деген құрметін нығайту және рухани тәрбиені дәріптеу.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы