Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің имамы Митератбек Орынбекұлы ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында «Ас беру мәдениеті» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.
Насихат барысында имам құдайы ас берудің мәні мен маңызына тоқталып, марқұмдарды еске алу кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылықты сақтау және шариғат талаптарына сай амал етудің маңыздылығын түсіндірді.
Сондай-ақ ас беру рәсімін бәсекеге айналдырмай, әр отбасының материалдық жағдайына қарай ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Құдайы астың негізгі мақсаты – марқұмдарға Құран бағыштап, дұға жасау, ағайын-туыстың басын қосып, өзара бірлік пен бауырмалдықты нығайту екені айтылды.
Митератбек Орынбекұлы қазақ халқының ас беру дәстүріндегі ізгі құндылықтарды сақтай отырып, орынсыз шығын мен даңғазалықтан аулақ болуға шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы