Center Image
IHSAN.KZ
«Заң мен дін үйлесімі» тақырыбында семинар сабақ өтті
«Заң мен дін үйлесімі» тақырыбында семинар сабақ өтті
Теміртау қаласындағы әйелдер жамағы арасында «Заң мен дін үйлесімі» тақырыбында семинар сабақ өтті. Семинарды Абдраймқызы Муслима ұстаз жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – дін мен заңның өзара байланысын түсіндіру, Қазақстан Республикасының заңнамасын құрметтеудің маңызын жеткізу және діни сауаттылықты арттыру.

Семинар барысында дін мен зайырлы қоғамның үйлесімі, заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік пен қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың маңызы сөз болды. Қатысушылар тақырып аясында ой бөлісіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.

Тағылымды кездесу қатысушылардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz