ҚМДБ-ның жылдық жопары аясында Жаңа оқу жылының басталуына орай Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Мектепке жол» акциясы өтті.
Шара барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж, жалғыз басты аналар мен көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан 50 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар үлестірілді.
Игі шараны ұйымдастырып, басы-қасында жүрген мешіт имамы Рауан Төлеубекұлы шара барысында жас жеткіншектерді келе жатқан білім күнімен құттықтап, өзінің ыстық лебізін жеткізді.
Алла Тағала жас жеткіншектердің екі дүниемізге пайдалы білім алып, соған амал етуін нәсіп етсін.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы