ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел – үлесі пәтерге» жобасы аясында Қарағанды облысы, Абай қаласында 3 жаңа қызметтік баспананың кілті табысталды.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қайырғалиев Мақсатбек Мақсотұлы Қарағанды өңіріне жұмыс сапары барысында Абай аудандық орталық мешітінің жанынан бой көтерген 3 қызметтік пәтердің ашылу рәсіміне қатысып, өңірдің дін жанашырлары мен демеуші азаматтардың қолдауымен республика бойынша 878-,879-,880- баспана кілттерін Абай аудандық орталық мешітінің дін қызметкерлеріне табыстады.
Рәсім барысында қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы қызметтік пәтерлердің құрылыс жұмыстарының басы-қасында болып, игі іске белсене атсалысқан
демеушілерге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің атынан алғыс хатын табыстады.
Игі шараға арнайы қатысқан ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай қажы Айтуғанұлы
«Ел үлесі пәтерге» жобасын ұйымдастырушыларға және қайырлы іске қолдау көрсеткен дін жанашырларына алғысын білдірді.
Айта кетейік, 2025 - жылдың жаз айында бастау алған құрылыс нысаны үш пәтерден тұрады. Әр пәтер үш бөлмелі болып жобаланған.
Шара соңында мешіт асханасында ауызашар дастарханы жайылып, «Қош келдің Рамазан!» атты рухани кеш ұйымдастырылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы