Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында тағылымды насихат өтті. Жиында мешіт имамы Нуров Махмудқажы Нурұлы жастармен кездесіп, қазіргі замандағы жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктері мен жауапкершілігі жайында кеңінен сөз қозғады.
Имам өз сөзінде ЖИ құралдарын білім алуда, ғылыми ізденісте және өзін-өзі дамыту жолында тиімді пайдалануға шақырды. Сонымен қатар кибершабуылдар жасау, уақытты босқа өткізу, ойынға тәуелділік сынды зиянды әрекеттерден аулақ болудың маңыздылығын ескертті.
Насихат барысында жасанды интеллектіні тек пайдалы мақсатта қолданып, уақытты дұрыс жоспарлау және рухани құндылықтарды ұмытпау керектігі ерекше атап өтілді. Жастар білімге ұмтылып, ізденіс жасап, қоғамға пайда әкелетін жобаларға атсалысуы тиіс екені айтылды.
Кездесу соңында технологияны игілікке қызмет ететін құрал ретінде қабылдап, оны дұрыс бағытта қолдану – әрбір саналы жастың міндеті екені жеткізілді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы