ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде мектеп оқушыларына арналған құран дәрістері басталды.
Бұған дейін қыз-келіншектерге ғана жүргізіліп келген құран дәрісі Абай аудандық мешітінде енді мектеп жасындағы қыз балаларға да жүргізіледі. Дәрістің алғашқы күнінен бастап сауат ашу сабағына жазылған шәкірттердің қарасы көп болды. Дәрісті Абай аудандық орталық мешітінің ұстазы Ақбота Қайратқызы жүргізіп, Алланың қасиетті кәләмін танимын деп ниет еткен әрбір шәкіртке асыл дініміздің құндылықтарынан бастап дәріс беруде.
Дәрістер әр сенбі күндері таңертеңгі уақыттарда өтеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы