Center Image
IHSAN.KZ
Облыс бас имамы Абай мешітіне ат басын бұрды
Облыс бас имамы Абай мешітіне ат басын бұрды

   Бүгінде Қарағанды облысының әр түкпіріндегі мешіттер  асыл дініміздің өркендеп, ел іргесінде кеңінен құлаш жаюы үшін өзіндік үлесін қосып келеді. Ел игілігі үшін қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Абай аудандық орталық мешітіне арнайы ат басын бұрды. 

Аудан имамы Асхат Қанайұлы облыс бас имамына мешіттің бүгінгі жай-күйін таныстырды. Қызметтік сапар барысында аймақтық дін  қызметкерлерінің жұмыс барысы қадағаланып, зерделеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, құлшылық үйінің алдағы қыс мезгіліне дайындығы пысықталды. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта аудандық мешіт жанынан арнайы дәретхана мен мәйітхана ғимаратының құрылысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде құрылыс нысанының қабырғалары толық көтеріліп, шатыры қойылған.

Облыс бас имамы аталмыш аймақтың қызмет барысымен толықтай танысып, жергілікті имамдардың жұмыстарына сәттілік тіледі.
 
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз  қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz