Center Image
IHSAN.KZ
МЕКТЕП ОҚУШЫСЫНА ҚЫСТЫҚ КИІМ БЕРІЛДІ
МЕКТЕП ОҚУШЫСЫНА ҚЫСТЫҚ КИІМ БЕРІЛДІ

    Өзіне ғана құлшылық етіп, мінсіз мойнұсынуды әмір еткен Алла тағаланың кітабы Құран Кәрім де, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сара жолы сүннеті де, жетім-жесірге қамқорлық жасауға, жетімдердің басын сипап, көңілін аулай жүруге шақырады. 
ҚМДБ - ның Қарағанды облысы бойынша “Зекет және қайырымдылық” қорының жауапты өкілі Мирас Эрланұлының ұйымдастыруымен мектеп оқушысы толықтай қысқы киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Ата-ана қамқорлығанан жастайынан ада қалған жасөспірім осындай игі іске мұрындық болып, қамқорлық танытқан "Зекет және қайырымдылық" қорына шексіз алғысы мен ризашылығын білдірді. 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz