Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙДА ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ (ФОТО)
АБАЙДА ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА АРНАЛҒАН МӘУЛІТ КЕШІ ӨТТІ (ФОТО)

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Ғаламның рахым нұры Мұхаммед (с.ғ.с.)» атты рухани мәуліт мерекесі өтті. 

Рухани шара аудан имамы Асхат Қанайұлының бастамасымен және мешіт ұстазы Ақбота Қайратқызының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Мерейлі мерекеге 50-ден астам нәзікжанды жамағат қатысып, құлшылық ордасынан рухани нәр алып қайтты.

Құран аяттарын оқуымен басталған рухани шарада Абай аудандық мешітінің имамы Асхат Қанайұлы жиналған жамағатты қасиетті мерекемен құттықтады.

Кештің бағдарламасы аясында сұрақ-жауап ойындары ойнатылды. Мешіт шәкірттерінің орындауында Алла елшісіне (с.ғ.с.) арнау айтылды. Сонымен бірге, арнаулы қонақтар мен ақжаулықты аналар құттықтау сөз сөйлеп, мерекенің мерейін асырды. Мерекелік шара аясында берекелі дастархан жайылды.

Шара соңында мешіт ұстазы Ақбота Қайратқызы сөз алып, сауапты шараға атсалысқан барша мұсылман бауырларға алғысын білдірді. Мерекелі шараның қадірлі қонақтары мен жамағатына сыйлықтар үлестірілді.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz