Center Image
IHSAN.KZ
БАЛҚАШТА «БАТА» САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
БАЛҚАШТА  «БАТА» САЙЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты  Балқаш қалалық мешітінде «Бата» сайысы ұйымдастырылды. Тәуелсіздік мейрамына орай өткен шараға қырық жастан асқан ер азаматтар қатысты.

Ата-дәстүр салтымызды жаңғырту мақсатында өткен сайыста тек бата беріліп қана қоймай, оның мән-мағынасы және қатысушының киім үлгісі де бағаланды.

Салт-дәстүріміздің құндылықтары дәріптелген сайыста Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат, «Теміржолшылар» мешітінің имамы Алимқұлов Медет, ҚР жазушылар одағының мүшесі Жанат Башар және «Балқаш өңірі» газетінің бас есепшісі Саденов Қуандық мырза төрелік етті.

   Тартысты өткен сайыста мешіт  имамы Қалдарбеков Нұрболат жиналған қауымды тәуелсіздік күнімен  құттықтап, сайысқа қатысушыларға алғысын жеткізді. Сонымен қатар, сайыс жеңімпаздарын марапаттап, ақшалай сыйлықтар мен сертификаттарды табыстады.

Қазақта  «Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас»,- деген сөз бар. Сайыстың соңында жеңімпаз атанған ауыл ақсақалы Қабидолда ағамыз  тәуелсіздік күніне елдің амандығы мен отанның тыныштығын  үшін дұға етті. Сондай-ақ,  осындай игі шараға тікелей мұрындық болған  мешіт имамы Қалдарбеков Нұрболатқа және мешіт ұжымына зор алғысын білдірді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz