Қасиетті мәуліт айында Алланың қалауымен Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде тағы бір азамат ислам дінін қабылдады. Александр бұл шешімге жүрек қалауымен келген. Мешіттің табалдырығын аттап, жақсы ниетін айтқанда имамдарымыз қуанып қалғаны бар. “Бала қажы” мешітінің бас имамы Нуров Махмуд қажы Нурұлы исламның парыздары туралы және көркем дініміз бен сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с.) туралы қызықты дүниелер айтып, Александрдың шешіміне ризашылығын білдірді. Кәлима шаһадатты айтқызып, мұсылман болуымен құттықтады. Алла Тағала Александрды тура жолдан тайдырмасын деп тілейміз.
ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАДЫ
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы