ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіттің имамы Бейбіт Бақытжанұлы Теміртау қаласының әкімі Ораз Қайсаұлы Таурбековтың қабылдауында болды. Аймақ әкімі қаланың жаңадан тағайындалған бас имамына сәттілік пен қызметіне береке тіледі.
Келелі кездесу барысында діни тұрақтылықты сақтау, жат ағымдардан сақтану сыңды өзекті мәселелерді ортаға салып, бірқатар мәселелер шешімін тапты.
Өз кезегінде қала әкімі діни іс – шараларды өткізуде әкімшілік тарапынан әрдайым қолдау көрсететінін айтты. Дәстүрлі дінімізді насихаттап, халқымыздың рухани дамуын бірлесе дамытуға шақыра отырып, Бейбіт Бақытжанұлын асыл дініміздің гүлденуі үшін аянбай еңбек етуге шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы