Center Image
IHSAN.KZ
ТОПАР КЕНТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ
ТОПАР КЕНТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ

Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы, Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешітінің имамы Ақмағанбет Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен, мұсылман баласы үшін шаттық пен қуаныш күні - Мәуліт мерекесі аталып өтті.

Рухани шара барысында мешіт жамағатына мерекелік дастархан жайылып, мәуліт оқылдЫ. Сондай-ақ, жиналған мешіт жамағаты бірігіп әлемге рақым етіп жіберілген нұрлы Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтты.

Екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі де көркем түрде жеткізілді


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz