Center Image
IHSAN.KZ
ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қоғамның дертіне айналып тұрған өзекті мәселелерді мешіттеріміз елеусіз қалдырған емес. Қандай тұрғыда болса да мәселені ислам шеңберінде талқылап, оңтайлы шешімдерін жеткізіп отырады. Өз-өзіне қол жұмсай дерегінің тым көбейіп жатқандығына алаңдаушылық білдірген имамдар төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлеріне ислам тұрғысынан осы мәселені шешу жолдарын түсіндірді. Шариғатта бұл тақырып үлкен тармақта қарастырылады. Өзіне қол жұмсау қандай жағдайдан туындағанына қарамастан күнәлі іс ретінде қабылданады. Сондықтан, мамандар жасөспірімдермен жұмыс жүргізгенде баланың психологиясын ескеріп, жұмсақ тілмен жеткізуге кеңес берді. Құран аяттары мен хадистерге сүйеніп Бала қажы мешітінің имамы Бегешев Абил-Касим  ТЖД қызмерткерлеріне  үгіт насихатын жеткізді. 17-маусым күні өткен шара ізін ала өз жетістігін де беріп жатыр. Сала мамандары қиын жағдайға душар болған қала тұрғындарымен кездесу барысында оңтайлы шешімдер тауып жатыр.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz