Ерлі – зайыпты қос азамат Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды. Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне келген Виталий мен Ксения мұсылман атанып қана қоймай, ақ некелерін де Алла үйінде қиып, өмірлерін жаңа ақ парақтан бастады. Хақ дінді қабылдауға келген жандарға «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Асылхан Нұртайұлы кәлима шахадатты айтқызып, Ислам дініндегі бес парызды түсіндірді. Айта кетейік, ерлі зайыптылар мұның алдын православ дінін ұстанған.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы