Center Image
IHSAN.KZ
Қажы апалар Құран хатым дұғасын жасады
 Қажы апалар Құран хатым дұғасын жасады

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде қажы апалар жамағаты бірігіп Құранды хатым етті. 

Мешітте бас қосып, хатым дұғасын жасаған ақ жаулықтылар елімізге амандық, ауырып жатқан науқастарға, момын-мұсылмандарға шипа сұрады. Шара барысында мешіт имамы Жанболат Жұматұрұлы дұға жасап, уағыз-насихат айтты.  Алланың кәләмін бірлесе оқып, қол жайып дұғасын жасай жүретін әжелер аман болсын! «Құран кәрімді хатым еткен адамның қабыл болған бір дұға ақысынан бөлек, жәннатта бір ағаш та беріледі» - дейді хадисте.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz