Center Image
IHSAN.KZ
БАС МҮФТИ ҚАРҚАРАЛЫДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ
БАС МҮФТИ ҚАРҚАРАЛЫДА ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде жұма намазын жүргізіп, уағыз айтты.

Әуелі ҚМДБ Төрағасы мешіт жамағатына Қарқаралыда Ғұламалар кеңесі қабылдаған пәтуалар туралы айтып өтті.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жәннат нығметтері жайлы жұма уағызын айтып, жамағатты жақсы істерге үндеді. «Мұсылман баласы Алланың мейірімімен және жақсы амалдарының нәтижесінде жәннатқа кіреді. Алла Тағала осы өмірдегі шаңның тозаңындай болған жақсы амалдарымызды о дүниеде алдымызға әкеледі. Сондықтан кішкентай амал атқарсақ та оны жақсы ниетпен орындауға тырысайық!» деді Бас мүфти.

Жұма намазынан кейін Қарқаралыдан шыққан тұлғалар рухына қасиетті Құран аяттары бағышталып, дұға жасалды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz