Center Image
IHSAN.KZ
КЕҢЕСТЕ БАУЫРЖАН ӘЛИҰЛЫНЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ
КЕҢЕСТЕ БАУЫРЖАН ӘЛИҰЛЫНЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

Бүгін Қарағанды облысында басталған ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде марқұм Бауыржан Әлиұлының рухына қасиетті Құран аяты бағышталды.

Кеңес хатшысы Батыржан Мансұров Құран оқып, Бас мүфти дұға жасады.

«Бауырымыз Бауыржан Әлиұлының қазасы баршамыздың жанымызға ауыр батты. Қайғыдан қабырғамыз қайысты. Алайда Алланың жазуына амал жоқ. Ол Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі болды. Қаншама шәкірт тәрбиелеген ұлағатты ұстаз еді. Алла Тағала марқұм Бауыржан Әлиұлы бауырымызды рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz