Center Image
IHSAN.KZ
БАС МҮФТИ ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына  жасаған сапары барысында Қарқаралы  ауданының әкімі   Ерлан Бейсембайұлымен кездесті.

ҚМДБ Төрағасы өңір басшысы Ерлан Бейсембайұлының  қызметіне табыс тілеп, қасиетті Қарқаралы төрінде өткен Ғұламалар кеңесіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде аудан әкімі Нұржан  Бас мүфтиге аймақ тұрғындарының ыстық ықыласы мен сәлемін жеткізіп, қашан да қолдау білдіріп, ел келешегі үшін маңызды жұмыстарды бірлесіп атқаруға дайын екенін жеткізді.

Басқосу соңында тараптар дін мен дәстүр сабақтастығы, асыл дініміздің беделін биіктету бағытында бірқатар бірлескен игі жобаларды жүзеге асыратын болып уағдаласты.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz