Center Image
IHSAN.KZ
ЖЕЗҚАЗҒАНДА БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ
ЖЕЗҚАЗҒАНДА БАЛАЛАР ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қалалық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде жазғы сауат ашу дәрісінде тәлім алып жатқан жас жеткіншектерге мерекелік ойын-сауық шарасы ұйымдастырылды. Шара халықаралық  балаларды қорғау күніне орай жүзеге асты.  Мерекелік шара барысында балаларға сыйлықтар үлестіріліп, дастархан жайылды. Түрлі ойындар ұйымдастырылып, жеткіншектерге ерекше көңіл күй тарту етілді. Осындай игі істі жүзеге асырған мешіттің дін қызметкерлеріне  ата-аналар мен балалар өздерінің алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

ҚМДБ-Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz