Center Image
IHSAN.KZ
ҚМДБ-НЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӨКІЛДІГІ МАРҚҰМ ҰСТАЗ БАУЫРЖАН ӘЛИҰЛЫНЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТАДЫ
ҚМДБ-НЫҢ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ӨКІЛДІГІ МАРҚҰМ ҰСТАЗ БАУЫРЖАН ӘЛИҰЛЫНЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТАДЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысының имамдары мен жамағаты   Ғұламалар кеңесінің мүшесі, белгілі ұстаз, ғалым Бауыржан Әлиұлының қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстарына көңіл айтады.

 Белгілі дін жанашыры, бауырымыз Бауыржан Әлиұлының қазасы туралы қаралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдадық. Бұл барша дін қызметкері мен жамағатқа ауыр тиген қайғылы хабар болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы өкілдігінің атынан  марқұмның  отбасына  көңіл айтамыз. 

Бауыржан Әлиұлының иманы өзіне серік болып, асыл дінімізді өркендету жолындағы әрбір амалы өзіне шапағат болғай. Марқұмның шәкірт тәрбиелеу, уағыз-насихат жүргізу, діни ағарту сынды ізгі істері сауабы үздіксіз жалғасатын амалдардың қатарында жазылғай.
Алла Тағала Бауыржан Әлиұлынын рақымына бөлеп, жәннатын нәсіп еткей. Артында қалған ағайын-жұрты мен отбасына Алладан көркем сабыр тілейміз. "Тас түскен жеріне ауыр" десе де бұл қайғылы хабар баршамызға ауыр тиді. Жаратқан Жаббар Иеміз алдынан жарылқап, нығметке бөленген құлдарының қатарына қоссын деп дұға етеміз. Алды пейіш болғай.
Алла Тағала еліміз бен жерімізді жұқпалы дерттен аман етіп, осынау сынақты сәтті көркем сабырмен жеңетін күнді жақын еткей. Әмин


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz