Center Image
IHSAN.KZ
Қайырымды іс – қуантады
Қайырымды іс – қуантады

 Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қалалық "Нұр" мешіті мүмкіндігі шектеулі жандардың қалын сұрауды,  оларды қуантуды,  жалпы назардан тыс қалдырған емес. Берекелі Рамазан айының үшінші күні қайырымды істің орайы келіп, мешіт имамы Әсет Наурызбайұлы зағип жандардың шаңырақтарында болып қайтты.  I, II, III топтағы мүмкіндігі шектеулі жандарға мешіт тарапынан тәттілер жиынтығы ұсынылып, сый-сияпат көрсетілді. Сондай-ақ  олармен азды-көпті сұқбат өтіп,  жылы лебіздер білдірілді.

 Күллі мұсылман қауымы сағына күткен Рамазан айындағы бұл кездесулер, адамзат арасын жақындатқан, осындай жып-жылы естеліктер болып қала бермек.

Шахтинск қалалық "Нұр" мешіті


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz