Center Image
IHSAN.KZ
«Дін мен дәстүр» аясында өткен шара Төлеутай ата мешітінде жалғасты
 «Дін мен дәстүр» аясында өткен шара Төлеутай ата мешітінде жалғасты

Қазақ халқының айтулы наурыз мейрамы қарасаңында игі шара жүзеге асты. Атап айтқанда Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының "Облыстық фтизиопульмонология орталығы" ШЖҚ КМК мекемесі берекелі мейрамның карсаңында құрбандық шалынып, өмірден өткен әріптестеріне құран бағышталды.

Шараға Әлихан Бөкейхан ауданын «Төлеутай ата” мешітінің дін қызметкері Азамат имам қатысып, уағыз - насихат айтты. Берекелі бас қосу барысында ел мен ұлт саулығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарға алғыс айтылды. Келелі кездесу «Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында өткен насихатпен жалғасын тапты.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz