Center Image
IHSAN.KZ
«Love ash» дәмханасы тексерістен өтті
«Love ash» дәмханасы тексерістен өтті

Қарағанды шахарнда кезекті мекеме «Халал Даму» ЖШС-нің арнайы тексерісінен өтті. Қаладағы  «Love ash» дәмханасы «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» бойынша қызмет етіп жатқаны расталды. Арнайы тексеріс жұмыстарын ҚМДБ-ның өңірлік жауапты өкіл Ысқақ Абдрахманов және Халал Даму ЖШС-ның технологы Айзат Ермекқызы  жүргізді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz