Center Image
IHSAN.KZ
ТЕМІРТАУ: «NAQYL MEDIA» - ТЫҢ БАСТАМА
ТЕМІРТАУ:  «NAQYL MEDIA» - ТЫҢ БАСТАМА


Теміртау қаласы бойынша ақпарат саласына жауапты имамдар мен ұстаздардың қатысуымен жиналыс болып өтті.
 
Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлының төрағалығымен өткен жиынға «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық және қалалық «Жақып Ақбай» атындағы құлшылық үйлерінің дін қызметкерлері қатысты.
Өмірзақ қажы Қазкенұлы ақпарат саласындағы жұмыстарды тілге тиек етіп, дін қызметкерлеріне онлайн уағыз-насихат жұмысын күшейтіп, әлеуметтік желілерде белсенді болуға үндеді. Сондай-ақ, жергілікті «NAQYL MEDIA» студиясының барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сапалы дәрістер мен бейнероликтерді дайындауды тапсырды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz