Ел бірлігі насихатталған рухани кеш өтті
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен 2022 жыл «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» деп аталған болатын. Осы орайда Теміртау қаласы «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінде арнайы рухани кеш өтті.
Ақ дастарқан басында өткен алқалы жиынға Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей, Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы, жергілікті мешіт жамағаты және шәкірттер қатысты.
Облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы «Біле білгенге бірлікке жетер байлық та, татулыққа жетер тірлік те жоқ», дей келе жиналған қауымға «Ислам – ынтымақ және бірлік діні» тақырыбында тұщымды уағыз насихат айтып, салихалы ойларымен бөлісті.
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының айтуынша, алдағы уақытта да халықты бірлік пен тыныштыққа үндейтін іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
ТЕМІРТАУДА ЕЛ БІРЛІГІ НАСИХАТТАЛДЫ
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы