ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БЛОК-БЕКЕТТЕГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)
ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық «Зекет және қайырымдылық қоры» Қарағанды – Алматы тасжолында орналасқан блокпосттағы сарбаздарға ыстық ас үлестірді. Игі шараға «Зекет және қайырымдылық қорының» облыс бойынша жауапты өкілі Мұхит Джаримбетов бастаған дін қызметкерлері қатысты. Қайырымдылық акциясы жергілікті кәсіпкерлердің демеушілік етуімен жүзеге асты.
Қайырымдылық шарасы еліміздегі күрделі ахуал қалпына келгенше жалғасын табатын болады.
ҚАРАҒАНДЫ - АЛМАТЫ: БЛОК-БЕКЕТТЕГІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚ ТАРАТЫЛДЫ
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы