Center Image
IHSAN.KZ
ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАС МҮФТИДІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАС МҮФТИДІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облысының дін қызметкерлері мен бөлім басшылары және ел игілігі үшін қызмет еткен мамандар тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына орай сондай-ақ, 2021-жылда жоғары деңгейде қызмет атқарғандары үшін    Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің  арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Арнайы алғыс хатты дін қызметкерлеріне ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы табыстап, бір жыл бойы жақсы жұмыс нәтижесін көрсеткен барша дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
Атап айтқанда,  Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлы, Саран қалалық мешітінің имамы Мұхамедқали Салиқов, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлы, «Қазыбек би» мешітінің имамы Ысқақ Рахимбекұлы, Жәйрем кенті мешітінің имамы Мурсали Қаленұлы, «Қажыбай қажы» мешітінің имамы Жандос Әшімұлы,  Марат Қанатұлы, Серікжан Күнту, және Сатпаев қалалық «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің ұстазы Рахима Әлиханқызы марапатталды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz