Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының еліміздегі кейбір көпшілік жиналатын орындарда жазылған «қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырғаны ұсынылған еді. Осыған орай , Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешітінің имамдары халық арасына сауалнама жүргізіп, «Жомарт жұма» акциясы насихатталған болатын. Бүгінгі күні осы бастаманы мешіт жанашырлары қолдап, мешітке 1,5 бас мал етін табыстады. Алланың қалауымен аталған мал еті 21 бөлікке бөлініп, 5 бөлігі Балқаш қалалық «Теміржолшылар» мешіті жанындағы қарилар орталығына, қалған бөлігі көп балалы және аз қамтылған отбасыларына таратылып берілді. Барша көмек қолын созған жандарға Алла разы болсын.
Балқашта «Жомарт жұма» акциясы бойынша көмек көрсетілді
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы