Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданы Егінді ауылында қасиетті жұма күні жаңа мешіттің құрылысы аяқталып, әсем мешіт халық игілігіне берілді. Имандылық пен ізгілікке шақыратын Алла үйінің құрылысын жеке кәсіпкер Ержұманов Төлеген Қанатұлы өз демеушілігімен жүргізді. Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Бекқожа Өмірзақ Қазкенұлы, аймақтың зиялы қауымы мен қала және аудан имамдары қатысты. Облыс бас имамы жиналған бұқара халықты мешіттің ашылуымен құттықтап, мешіт салудың сауабы мен имандылық иірімдері турасында насихат айтты. Сонымен қатар, игі іске мұрындық болып, мешіт салуға ат салысқан Ержұманов Төлеген Қанатұлына шексіз ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хатын табыстады.
Құрметті қонақтар да кезегімен сөз алып, өңіріміздегі рухани жетістіктерге ризашылығын білдіріп, игі тілектерін жеткізді. Мешіттер адамзатты ізгілік пен рухани тұтастыққа бағыттайтын орын. Тұғырлы тәуелсіздік пен тұрақтылық арқасында елімізде мешіттер саны артып келеді. Арқа елінен жаңадан ашылған мешіт "Ержұман ата" мешіті деп аталатын болды.
Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің баспасөз қызметі
«Егінді» ауылында жаңа мешіт ашылды
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы