Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын»,- деген аталы сөз бар. Дініміз бойынша да ағаш пен жеміс ағаштарын егу сауапты амал.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің имамы Маханбетчин Берік Алпысбайұлы мешіт жамағаттарының басын қосып мешіт маңына 15 түп шырша ағашын екті.
Жер тоңы жібіп, алғашқы көк дүркіреп шыға бастаған кезде шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жайқалған дараққа айналып, жазда сая, қыста қамсау болады. Мешіт имамы көктемнің жайма-шуақ күндерінде тал егіп, мешіт айналасын ажарландыруға өз үлесін қосқан барша жамағатқа үлкен алғысын білдіріп, батасын берді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы