Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде «Өрт қауіпсіздігі шаралары» атты семинар өтті
«Нұр» мешітінде «Өрт қауіпсіздігі шаралары» атты семинар өтті

Қарағанды облысына қарасты Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде  қызметкерлерге табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуы бойынша арнайы мамандардың  қатысуымен «Өрт қауіпсіздігі шаралары» атты семинар өтті. Семинар «Қарағанды қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» РММ ұйымдастыруымен жүзеге асты. 

Семинарға қатысқан қызметкрелерге  үйде орын алатын, көшеде және көлікте орын алатын тілсіз жаудың алдын - алып,  басқа заттарды пайдалану кезінде күнделікті өмірдегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айттылды. Сондай-ақ, өрт сөндіргішті қалай қолдану керектігін көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шара барысында мешітке келген жамағатқа арнайы қауіпсіздік ережелері қамтылған бүктемелер мен брошюралар таратылды. 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz