Хадисте: «Кімде кім оразашыға қамқорлық етіп, ауыз аштырса, сол оразашы алғандай сауапты бұл да алады. Оның сауабынан еш нәрсе де кемімейді»,- делінген.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»,- дейді.
Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» деген. ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты, Жаңаарқа ауданы Ақтайлақ ауыл мешітінің имамы Мырзакей Саламат имамның бастауымен ауыл қарттарына 15 «Ауызашар қоржыны» таратылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы