Center Image
IHSAN.KZ
«Балақажы» мешітінде қайырымдылық шаралары жалғасу үстінде
«Балақажы» мешітінде қайырымдылық шаралары жалғасу үстінде

Қасиетті Рамазан айының соңғы он күндігінде Қарағанды қалалық  «Балақажы»  мешіті  күнделікті ауызашар қоржындарын  таратуда.
Хадисте: «Кімде кім оразашыға қамқорлық етіп, ауыз аштырса, сол оразашы алғандай сауапты бұл да алады. Оның сауабынан еш нәрсе де кемімейді»,- делінген.
«Қайырымдылық  жасасаң, қайырын өзің көресің»,- демекші «Балақажы» мешітінің имамы Нұров Махмұд Нұрұлы және мешіт ұжымы осындай берекелі істі жүзеге асыруға ат салысқан мешіт жамағатына алғыстарын білдірді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz