Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ ӘЛЕМДІК ҚҰРАН ЖАРЫСЫНДА ЕКІНШІ ТУРҒА ӨТТІ (ФОТО)
18 қараша, 2016 жыл 1202 Басып шығару нұсқасы

Қазір Біріккен Араб  Әмірліктерінде қыздар арасында алғаш рет халықаралық деңгейде қасиетті Құран хафиздарының жарысы өтуде. Дубай қаласына Алланың кәламын  бастан-аяқ жаттаған әлемнің 74 мемлекетінен  нәзік жандар жиналды.  Қазақстан атынан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 2-курс студенті Гүлзар Тұрғанжан да еліміздің намысын қорғауда. Іріктеуден мүдірмей өткен Гүлзар екінші турда да бақ сынады. Күніне 7 қыздан сынға түскен қыздардың Қасиетті Құранды жатқа білуі, тәжуид қырағаты жан-жақты таразылануда.

Біз де елден жырақта қасиетті Құранды жадына жаттап, жүрегіне  сақтаған  студентімізге  сәттілік тілейміз. Қарашаның 6-да басталған халықаралық бәйге жеңімпаздары ертең, қасиетті жұмада белгілі болмақ. Гүлзар Тұрғанжан өткен мамыр айында «Нұр-Мүбарак» университетінде  елімізде өткен тұңғыш қыздар арасындағы Республикалық Құран қариларының жарысында жүлделі орынға ие болғанын еске сала кетейік.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары