Танымал сервис блог Tumblr-ді Қазақстанда бұғаттап тастады. Бұған себеп, сервис арқылы экстремизм мен терроризмді насихаттайтын көптеген мақалалардың жариялануы дейді,- республикалық байланыс және ақпарат комитеті. Блог бетінде ИCИМ террорлық ұйымының парақшасы да бар екендігі анықталған. Сервис қызметін осы уақытқа дейін тиімді пайдаланған бұл ұйым әртүрлі экстремистік бағыттағы ақпараттарды Tumblr арқылы өз аудиториясына жиі жариялап тұрған. Сонымен қатар, блог беттерін террористер ресми мәлімдемелерін жариялап тұру үшін пайдаланған.
Пікірлер