Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Үш жігіттің денесі неге мазардан шығып қалды?
15 мамыр, 2017 жыл 420 Басып шығару нұсқасы

 

Ең көп хадис риуаят еткен жеті сахабаның бірі болған Әнас бин Мәлик (р.а.) былай дейді:

Нәжжар ұлдары руынан христиан бір адам бар еді. Кейін мұсылман болды. Бақара және Әли-Имран сүрелерін оқитын. Хазіреті Пайғамбарымыздың ﷺ хатшылық қызметін атқаратын. Бұл адам біршама уақыттан кейін мұсылмандардың арасынан қашып, қайтадан христиан болды. Сөйтіп «Мұхаммед менің өзі үшін жазып бергендерімнен басқа ештеңе білмейді» дей бастады. Христиандар мен яһудилер әлгіні төбелеріне көтерді. Бір күні бұл адам өліп, христиандар оны жерлерді. Ертесі күні таңертең әлгі адам сыртта жатқан. Жер қабылдамаған. Бұған христиандар:

– Бұл Мұхаммедтің сахабаларының ісі. Діндерін тастап, қашып кеткендігі үшін досымыздың қабірін ашып, мәйітін сыртқа лақтырып тастады, – дей бастады. Сөйтті де әлгіні қабірді тағы да тереңірек қазып, қайта көмді. Ертесі күні таңертең әлгі адамның тағы да сыртта жатқанын көрді. Бұл жолы да:

– Бұны Мұхаммедтің сахабалары жасады. Діндерін тастап кеткендігі үшін досымыздың мазарын ашып, денесін сыртқа шығарып тастады, – деді.

Осы жолы қабірді қолдарынан келгенше терең қазып, әлгі достарын тағы да жерледі. Бірақ бәрібір таңертең әлгі жер бетінен тапты. Жер қойнауына қабылдамай, тағы да сыртқа шығарып тастаған екен. Осыдан кейін христиандар бұл істің адам қолынан келмейтінін түсінді де, достарын сол күйі сол жерінде тастап кетті.

(Бұхари, Мүслим, Ахмад бин Ханбал)

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары