Тілдік нұсқа
Радио

мақала

ТАУДАЙ ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛУ ҮШІН МЫНА ДҰҒАНЫ ОҚЫҢЫЗ
21 қыркүйек, 2016 жыл 181383 Басып шығару нұсқасы

Таби’ин мухаддистерінен болған Әбу Уәил Шәкик ибн Сәләмә былай дейді:

Бір күні Хазіреті Әлидің (р.а.) жанына азаттығымен қауышу үшін қожайынымен келісім жасасқан бір құл келіп:

  • Уа Әли! Қожайыныма қарыз едім, оны қайтаруға жағдайым жоқ. Маған жәрдем ет, - дейді. Сонда Әли:
  • Қаласаң, Пайғамбарымыздың маған үйреткен дұғасын саған да айтайын, бұл дұғаны үнемі оқысаң, үстіңде Сыр дауындай қарызың болса да Алла Тағала бұл қарызыңнан құтылуға жәрдем етеді, - деп мына дұғаны үйретті:

اَللّٰهمَّ اكْفِنِى بِحَلَالِك عَنْ حَرَامِكَ وَ أَغْنِنِى بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ

Аллаһуммәкфинии би хәләликә ән харамикә. Уә әғнинии би фәдликә әммән сиуак

Мағынасы:

Аллаһым! Мені халалыңмен жеткілікті түрде ырзықтандыр, харамға мұқтаждығым қалмасын! Мені сый-сияпатыңмен байыт, Өзіңнен басқаға мұқтаж болмайын!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары